Сайыс сабақ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

І. Бейнесұрақ

Салтанат:
І. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өз тобының атымен және ұрандарымен таныстырады.
- Енді таныстыру бөлімі бойынша әділ қазылардың берген ұпайларын көрейік.

Фатима:
ІІ. "Деген екен" деп аталатын бөлімде әр топ өздерінің дайындалып келген шешендік сөздері бойынша сайысқа түседі. Сайыскерлерімізді шешендік, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз. Оқу мәнеріне назар аударылады.

- Осы бөлім бойынша әділқазылардан әр топтың ұпай сандары сұралады.
Салтанат:
ІІІ. "Білімді мыңды жығар" бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар реті
1. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер (біріккен сөздер)
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата (5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
4. Қазақ тілінде қанша сөйлем мүшесі бар? Оларды атап бер (5-еу, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
5. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? Оларды атап бер. (9, Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Еліктеу сөздер, Шылау, Одағай)
6. "Үш бәйтеректі" ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
7. Фонетика нені зерттейді? (тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала)
8. Сөздің алғашқы, қалыпты мағынасын қалай аталады? (сөздің тура мағынасы)
9. "Салмақты" сөзінің синонимі - (байсалды, ұстамды, сабырлы )
10. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

Фатима:
- Олай болса құрметті әділ қазылар, әр топтың ұпайларын берсеңіздер.

С

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: