Сауат ашу негіздері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Білім беру саласы: "Қатынас".
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Сауат ашу".
Тақырыбы: Ш, ш дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: Ш, ш дыбысы мен әріп таңбасымен таныстру. Ш дыбысына мысалдар келтіргізу арқылы сөздік қорларын толықтыру, байланыстыра сөйлеуге уйрету.
Білімділігі:Ш дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Ойын арқылы тілдерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, қорыту.
Сөздік жұмыс: Ш дыбысы кездесетін сөздер.
Көрнекліктер: Ш әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, карточкалар, сауат ашу әліппе-дәптері.

Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Жылулық шеңбері.

-Балалар, кәнеки бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы.

Мынау аспан астында,
Жақсы дос көп табылар
Бізде соның біріміз,
Сыйлығымызды қабыл ал.

-Балалар , мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
Дұрыс бұл түлкі, сендерден көмек сұрап келіп тұр.
Қу түлкі, ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен. Үйіне барайын десе, сол аңдар жолына тұрып алыпты. Балалар түлкіге көмектесеміз бе?
-Өте жақсы, олай болса түлкіге шатырман жолдар арқылы үйіне жетуге көмектесейік. Ол үшін жолда түлкіні күтіп жүрген аңдардың тапсырмасын орындайық. Жолға шығайық балалар. Алдымызда ағаш көрінеді, сол ағашқа жақындайық.
1. "Аң патшасы арыстанның тапсырмасы". Ағаштағы, қалған жапырақтарды жинаймыз. Жапырақтардың артында дыбыст

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: