br/>Д/О: "Қай дыбыстан басталады?"
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпті қоямыз.
Шыққан сөздерді оқимыз.
-Дұрыс ,балалар "Ш" дыбысы сөздің басында, аяғында, ортасында да кездеседі.
1. Тапсырма "Дыбыстық талдау" үстел үстінде.
2. Сөйлем құрау.
3. Буындарды оқы.
4. Жаңылтпаш жаттау.
Барлық баламен "Ш" дыбысына жаңылтпаш айтайық. (Сыбырлап, орта дауыспен,қатты дауыспен)
-Шаңқ-шаңқ, етіп шағала,
Шабақ ілер жағада.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш. Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз,
Сауатты етіп жазмын.
5. Тапсырма
"Буынға,буын қос"
6. Тапсырма: "Қай әріп жоғалып қалды?
Ала. . . а, ша. . . у, ш. . . р, ал. . . а.
- Балалар "Ш" дыбысын кәне ауада жазып көрейік.
- Дәптермен жұмыс.
Қаламды дұрыс ұстап , жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастырып жаздырту.
Қорытынды:
Көңіл-күй әдісімен қорыту
Сендерге сабақ ұнадыма?
Несімен қызықты болды?
- Жарайсыңдар , балалар ,осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз, келген апайлармен қоштасайық.
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыздар деп айтамыз.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: "Ш, ш" дыбысы мен әрпін.
Игеруі: Дауысты-дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратуды, "Ш" дыбысы дауыссыз дыбыс екенін.
Меңгеруі: Сұраққа жауап беруді,баспа түрде жазуды меңгерді.
Балалар шеңберге
тұрады,бір-біріне
жылы лебіздерін
білдіреді.
Тұлкіні
- Иә
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>