ар жасырылған. Қалай ойлайсыңдар неге мына себеттердің түстері әртүрлі?
Дыбыс пен әріптіңқандай айырмашылығы бар?
-Дауысты, дауыссыз дыбыстар деген не?
-Жарайсыңдар, арыстанның тапсырмасын орындадық.
-Жолға шығайық балалар. Балалар, қараңдаршы жолды жауып тастапты.
2. "Бұл қорбаңбай аюдың тапсырмасы".
-Сөз неден құралады?
-Сөйлем деген не ?
"Буындарды, сөздерді оқы"
Жарайсыңдар, балалар біз түлкіні аңдардан құтқардық.
Ол өз үйіне жетіпте қалды. Бірақ ол сендерге мына "Алтын сандықты" қалдырып кетіпті, ішінде хаты және тапсырмасы бар екен.
Хатты оқимын. Балалар сендерге көп рахмет, маған көмектестіңдер. Мен енді ешқашан ешкімді алдамауға уәде беремін. Сау болыңдар.
-Мына жұмбақтың шешуін тапсаңдар, сыйлық сандықтың ішінде:
-Тікен, тікен , тік пісте
Қысы , жазы бір түсте.
"Шырша" сөзінде қандай дыбыс естіп
тұрмыз?
"Ш" дыбысы қалай айтылып тұр
Кедергімен бе, әлде кедергісіз бе
-Дұрыс дыбыстар кедергіге ұшырап тұр
-Өте жақсы, олай болса "Ш" дыбысы қандай дыбыс екен?
-"Ш" дыбысы дауыссыз болса, онда оны қандай текшемен белгілейміз?
Мына суретке назар аударайық
"Ш" дыбысы қалай айтылып тұр?
- Ерніміз дөңгеленеді, тістерімізді бір-біріне жақындатамыз, тілімізді жоғары қарай көтереміз, бірақ таңдайға тірелмейді, дауыс шымылдығы дірілдемейді, ішінен келген ауа ағысы жылы.
- Міне түлкінің сыйлығы "Ш" дыбысының әріп таңбасы, бас әрпі және кіші әрпі.
"Ш" дыбысы неге ұқсайды?
- Айырға аздап ұқсайтын
Сабы жоқ бірақ ұстайтын
Тарақты еске салатын
Қайсы әріп кім бар табатын?
Тіл ұстарту жаттығуы:
ША-ША-ША
БІЗ ТЕБЕМІЗ ШАНА
<
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>