жаса!»
Сақшы ауысым жақындағанда оларға бет бұрып, өздігінен автоматты «белдікке» күйінде ұстайды. Сақшы қарауылды жұмысқа таратушысының пәрмені бойынша, мысалы: «Қатардағы сарбаз Сауыров, постыға қарай адымда!» дегенде, тік тұрып оң жаққа бір адым жасайды, ал қарауыл сақшыға жақындап келіп, оның орнына қарсы бағытта бұрылып тұрады.
Бұрыңғы және жаңа қарауылдың жұмысқа таратушылары сақшы мен қарауылдың екі жағында 1-2 қадам арақашықтықта бір - біріне қарап тұрады.
Бұрынғы қарауылдың жұмысқа тарарушысының : «Сақшы посты тапсыр!» -деген пәрмені бойынша сақшы посты ауызша тапсырады. Бұл ретте сақшы мен қарауыл бір – біріне қарай бастарын бұрады. Постыны ауызша тапсыру кезінде сақшы постының нөмірін, постыдағы күзетуге жататын барлық объектілерді, байқалған кемшіліктерді атайды.
Постыны ауызша тапсырып болған соң, қарауылды жұмысқа таратушысының: «Қарауылшы, постыны қабылдап ал!» - деген пәрмені бойынша күзетілетін объектілерді тегіс қарап шығуға міндетті.
Егер постыны тапсыру кезінде ақаулар байқалса, мөрлер бұзылса, күзетілетін техника мен қару - жарақтың саны сәйкес келмесе жұмысқа таратушы постыны қабылдауды тоқтатады да, қарауыл бастығын шақырады.
Постыны тапсыруды және қабылдауды аяқтаған соң, сақшы мен қарауыл өздерінің жұмысқа таратушыларына қарап тұрып, кезектесіп баяндайды. Мысалы: «Сержант мырза! Қатардағы сарбаз Омаров нөмірі мынадай посты тапсырды». «Аға сержант мырза! Қатардағы сарбаз Сауыров нөмірі мынадай посты қабылдап алды».
Қарауылдың сақшы орнына (сақшының қарауыл орнына) ауысуы оның жұмысқа таратушысының «Қатардағы сарбаз Омаров! Постан алға адымда!» деген пәрменінен кейін анықталады. Бұл пәрмен бойынша қарауыл ауысымның соңына барып тұрады да, өздігінен қаруын «белдікке» күйінде ұстайды.
Осыдан кейін жаңа
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>