Сақшының міндеттері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Сақшының міндеттері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сақшының міндеттерін түсіндіру.
Уақыты: 45 минут. 19. 10. 2015ж.
Өткізілетін орны: 10 cынып, АӘД бөлмесі. .
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы, қарауыл қалашығы.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
күзетілетін объектілерді қоршауға қандай талаптар қойылады?
аса маңызды объектілерде қандай арнайы құрылыстар салынады?
постыдағы сақшының қаруы қандай жағдайда болуы керек?
б) Негізгі бөлім – 20 минут.
Сақшының міндеттері.

Сақшы қол сұғылмайтын адам болып табылады.
Сақшыға қол сұғылмайтындығы мыналардан көрінеді:
оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері айырықша қорғалатындығында;
оның белгілі бір тұлғаларға ғана - қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы;
қарауыл бастығының, қарауыл бастығының көмекшісінің және өзінің жұмысқа таратушысының сақшы қызметі бойынша айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі.
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының баптарында көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығы берілетіндігі.
Сақшынң міндеттері:
өз постысын қырағы күзетуге және табанды қорғауға;
қызметін сергек, еш нәрсеге алаңдамай атқаруға, қаруын қолынан шығармауға және оны ешкімге, өзі бағынытындарға да бермеуге;
көрсетілген бағыттар бойынша жылжый отырып немесе бақылау мұнарасында тұрып постыға кіре берісті, қоршауларды мұхият қарау және байланыс құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайын

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: