да табельмен белгіленген уақыттарда баяндап тұруға;
тіпті өз өміріне қауіп төнсе де, сақшы ауыстырылғанша не алынғанша, постыны тастамауға міндетті. Постыны өз еркімен тастап кету - әскери қылмыс болып саналады.
постыларға табельде көрсетілген және тыйым салынған шекара көрсеткіші тұрған жерге жақын қашықтыққа қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, өзінің жұмысқа таратушысы мен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа ешкімді жібермеуге;
қарауылдың көлік құралдарының бағдары мен графигін, олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге;
постыдағы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге;
объект қоршауынан ақау тапқанда және өз постынан жақын жерде тәртіп бұзушылық байқалған кезде қарауыл бастығын шақыру;
қарауыл иттерінің үргенін естіген кезде немесе техникалық күзет құралдары іске қосылғанда, бұл туралы қарауыл үй – жайына дереу хабар беруге;
өзіне немесе өзі күзететін объектіге анық шабуыл жасалған жағдайда қаруды ешқандай ескертусіз қолдануға міндетті.
Сақшыға: ұйықтауға, отыруға, бір нәрсеге сүйеніп тұруға, оқуға, ән айтуға, сөйлесуге, тамақ жеуге, су ішуге, темекі шегуге, табиғи қажеттілігін өтеуге, қандай да бір затты әлдекімге беруге немесе одан алуға, қажеттілік болмаса патронды оқжатарға жіберуге тыйым салынады.
Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өзінің қарауылды жұмысқа таратушысының және тексеруге келген тұлғалардың сұрағына жауап беруі керек.
Қарауыл бастығы немесе қарауылды жұмысқа таратушылар қарауылдың міндеттерін нақты білуін тексереді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше назар аудара отырып, қарауылдарға әр постыда қызмет атқару міндеттерін естеріне салады, ауысымды қарауыл үй – жайларынан шығарады да, қаруды оқтайтын алаңда сапқа тұрғызады.
Қару постыға шығар алдында оқталады.
ê
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>