Z
ª
Ø
ሀĀ愀Ĥ摧擦Èሀ
ª
Ø
Ü
Þ
â
4Ø
Þ
деп баяндайды, сонан соң жеке алып «Белдікке!» күйінде ұстап бір адым кейін шегінеді.
Осындай тәртіпте басқа қарауылды жұмысқа таратушылар мен қарауылдар қаруды кезектесіп оқтайды.
Постыдан оралған соң қарудың оғы алынады. Қарудың оғын алдымен қарауылды жұмысқа таратушы алады, содан кейін таратушы: «Ауысым, оң жақтан бір – бірлеп оқты алып таста!» - деп пәрмен береді.
Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, таратушының бақылауымен өз қаруының оғын алады, жабдықталған оқжатарды сөмкеге салады да, «Қарудың оғы алынды!» – деп баяндайды, содан соң бекіту тетігін артқа тартып, қаруын тексеруге ұсынады. Таратушы қаруды тексерген соң, қарудың бекіту тетігін алға қарай қозғап, қарудың шүріппесін түсіреді, қаруды сақтандырғышқа қояды, сүңгіні алып тастап, қаруды «Белдікке!» күйіне ұстап, артқа қарай бір адым шегінеді де, өз орныныа барып тұрады.
Осындай ретпен қалған қарауыл ауысымдары кезектесіп өз қаруларының оғын алып тастайды. Одан кейін аға бастықтың пәрмені бойынша қарауылдар қарауыл орналасқан жерге, ал таратушылар – қарауыл үй - жайларына барады.
Сақшыларды ауыстыру әрбір 2 сағаттан кейін, жұп немесе тақ сағаттарда жүргізіледі.
Сақшыларды ауыстыру ауаның температурасы –20 градустан төмен, 30 градустан жоғары болған кезде 1сағат сайын ауыстырылады. Қарауыл үй – жайларына кіре берісте сақшыларды қарауыл бастығы әрбір 30 мин сайын ауыстырып отырады.
Ауысым сақшыға 10 – 15 адымға жақын келгенде, қарауылды жұмысқа таратушы «Ауысым тоқта!» деп пәрмен береді де, бір қарауылға пост пен оның маңайын бақылауды бұйырады. Мысалы: «Қатардағы сарбаз Омаров, пост пен оның маңайына бақылау
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>