р қолына қаламды серік етті.
ІІ жүргізуші:
Олардың шығарған өршіл жырлары соғыс алаңындағы ер-азаматтарға сөнбес жалын берді, бойларына батырлық арын берді.
(Оқушылар ортаға шығып өлеңдерін оқиды)
І жүргізуші:
Кешегі майдан шебінде
шайқасып жүрген жалын ер,
Көрсеттің үлгі еліңе
Атандың нағыз жауынгер
ІІ жүргізуші:
Елің үшін қам жедің,
Қырандай едің қайтпаған.
Соғыстың кейбір әндерін
Шырқаймыз қазір қайтадан.
«Ақ көгершін» әнімен Серікбай Аделяны ортаға шақырамыз!
І жүргізуші:
Кешегі қасіретті де қаһарлы күн оқиғалары уақыт өткен сайын бізден қашықтай түсуде. Десек те, сол оқиғалар – өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты байланыстырушы. Міне,биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да – 72 жыл.
ІІ жүргізуші:
Бұл – сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш еткен, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнде соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен майдангерлерге құрмет ешқашан толастамасы анық.
І жүргізуші:
Сол жылдарындағы сұрапыл соғыс адамзат атаулы нәр алатын мәдениет бұлағын тоқтата алмады,оған тосқауыл қоя алмады. Есесіне Отан,соғыс, майдан,жеңіс тақырыбындағы шығармалар ән-күй би болып,патриоттық, жоғары биік пафостағы КСРО халықтарының өнеріне жаңа түр енгізіп оны барынша толықтырды.
ІІ жүргізуші:
Ендеше, ендігі кезекте «Катюша» биімен 7«Ә» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз!
І жүргізуші:
Естен кетпес қиын күндер – соғыстың тарихы, ал соғыстың тарихы – халық ерлігінің шежіресі. Ол ешқашан өшпейді. Оның сондықтан да тарихқа қажет жері – осы. Оған керегі – өткен күннің күлі емес, оның оты.
ІІ жүргізуші:
Құрметті ардагерлер,бүгінгі болашақтың бағытында Сіздердің арқаларыңызда б
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>