м келді. Тағы да Жеңіс күні келді. Мерекенің сәні болған майдангерлеріміздің қатары сиреп бара жатқаны жанға батады. Әйткенмен өмір жалғаса берер. Десе де, «Әр заманның үлгісі өзіне қымбат». Туған ауылдың иесі де, киесі де бола білген батыр аталарымызды, елімізді, жерімізді сақтап қалған даңқты ардагерлерімізді Жеңіс күні жақындаған сайын еске аларымыз анық.
ІІ жүргізуші:
Иә,аға буын өкілдерінің өшпес ерлігі мен еңбегінің жемісі – Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мерекесіне жете алмай кеткен ардагерлер де бар. Олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету кейінгі ұрпақтың парызы болып қала бермек. Ендеше соғыста опат болып,мерекелі де берекелі бейбіт күннің бейнесін көре алмай кеткен батыр бабаларымызды орнымыздан тұрып еске алып бір минут үнсіздік жариялайық!
І жүргізуші:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы!
ІІ жүргізуші:
Иә, жақсылықтың сыңарына,ардагерлеріміздің арманы мен ұранына, әр жыл сайын атап өтетін мерекенің бұлағына айналған бүгінгі кезекті концертіміздің шымылдығын ашып беру үшін ҚР Білім беру Ісінің үздігі, Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері, 148 мектеп-гимназиямыздың директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызын ортаға шақырамыз.
І жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы ең ауыр, әрі қантөгісті, өзінің талқандау күші мен ұрыс қимылдарының ауқымы жағынан адамзат тарихында теңдесі жоқ үлкен майдан болды.
ІІ жүргізуші:
Әлемді фашизмнен құтқаруға бағытталған соғыста біздің еліміз – Қазақстаннан да көптеген азаматтар қатысты.
І жүргізуші:
Көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды. Ол дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>