ІІ жүргізуші:
Соғыс қимылдары әлемнің 40 мемлекетінің аумағында жүрді. Ең соңғы деректер бойынша бұл алапатта 60 млн. адам қаза тапты. Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 млн. деп есептеледі. Қазақстанның Ұлы Жеңіске үлесі айрықша болды.
І жүргізуші:
Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
ІІ жүргізуші:
Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Леонид Беда ,Рахымжан Қошқарбаев,Қасым Қайсенов,Мәншүк Мәметова, HYPERLINK "http://el. kz/m/articles/view/D398D0BBD0B8D18F-D09CD0BED0BBD0B4D0B0D293D2B1D0BBD0BED0B2D0B0D0BDD18BD2A3-D399D0BBD0B5D0BCD196-D0A4D09ED0A2D09E" Әлия Молдағұлова , Сұлтан Баймағамбетов, Хиуаз Доспанова. Нүркен Әбдіров сынды қастерліде қасиетті есімдерді тоқтатпай жалғастыра беруге болады.
І жүргізуші:
Осы аталғандардың ішінде ұрыста көрсеткен ерлігіне сай батыр атағын алмай кеткен бабаларымыз қаншама. Бірақ істің ақ-қарасына айырар уақыт әлі алда болса, еткен ерлік ешқашан ұмытылмайды. Кескілескен ұрыста жігерін жасыта алмаған бабаларымыздың әлі-ақ даңққа бөленетініне біз бек сенеміз.
ІІ жүргізуші:
Жауынгер жігерін, майдан даласындағы сұрапыл шақтарды, Отанына адал ұл-қыздардың қайсарлығын суреттейтін соғыс жылдарындағы әндер мен Жеңіс жырлары 72 жыл бойына өміршеңдігін жоғалтпай, өрлік пен ерліктің өшпес рухындай болып жасап келеді. Ендеше, «Сарбаздар» 8 Г сыныбын қарсы алайық!
І жүргізуші:
Соғыс кезінде от пен оқтың арасында жүрген қазақ жауынгерлері бір қолына қару алса, бі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>