ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН – ҰЛЫ ЖЕҢІС

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

тті-ау!(жылайды).
Жеңеше:-Сабыр , сабыр, Күлпәш. Ортақ Отанымыздың басына күн туғанда ешкім де жай жатпас болар .
Күлпәш:-Жеңеше-ау, елі үшін, жері үшін аттанар азаматтарымыздың жеңіспен аман-есен оралуын тілегеннен басқа не істейін-ау, не істейін!
Маңдайыма біткен жалғызды құдайдан тіледім (жылайды).
Тағдыр жазған өмірге көнбейтін пенде бар ма екен, қабырға-қолқам сөгілді-ау.
Жеңеше:-Иә, сабыр , Күлпәшжан, сабыр. Қазақ халқы небір зұлмат заманды басынан өткермеді дейсің.
Естеріңде болса, Ұлы қазан төңкерісінен соң өзінің туған жерінде өзінің қанын төккенде, 31-32 жылдары жазықсыз құмырсқадай қырылғанда, 37-38 жылдары жазықсыз халық жауы атанып тентіреген де біздің қазақ емес пе еді!. . .
Біз қазақ күрескенбіз де, жеңгенбіз де, жеңеміз!
Осы кезде ауыл азаматтары жиналып соғысқа аттанатын кезі көрсетіледі.
Сахнада «Свещенная война» музыкасы ойналады.
Қыз балалар, ауыл адамдары.
Қыз бала ағасына: -Аға, елге аман-есен оралуыңды тілеймін. Дәл қазір аттанар сәтте осынау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші! Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан-Ананы еске түсірші сен, соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып тұр, аға.
Ағасы: - Отан деген бір ғана сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр. Қарындасым, жасыма!
Қыз бала: - Аға, біз апам екеуміз сағынамыз. Хат жаз!
Оқушы: - Аға, ауылда өздеріңнің іздеріңді басып, елге тірекші болып, біз, жасөспірімдер қалмақышымыз. Барған жеріңнен шамаң келсе хабарласып тұр. Күтеміз!
Оқушы: - Әке, әкетайым!
Анамыз екеуміздің ауылдағы кішкене ғана етер еңбегіміз өзіңе, жүрегіңе қуат болып, күш берсін. Қолымыздан келер ештеңе жоқ, барлық ауыр еңбек, қайғы шер ұмыт болар күн туса, арм

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: