Өркен

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

латын жасымықша жасушалары орналасады.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жұмыстың барысы:
Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді.
Өркендерді жіктеу
Негізгі өркен тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды
Жанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ бұтақталады.
Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады.
Ұзарған өркеннің буанаралығы алыс орналасқан.
Қысқарған өреннің буанаралығы жақын орналасқан.
Вегетативтік өркен жапырақ пен бүршік шығарады.
Генеративтік өркен репродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.
Өркендердің түр өзгерістері
Тамыр сабақ - жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өрендері дамиды. Жер астында дамыған соң ашық жасыл түсті емес (бидайық, інжугүл, ұлпагүл).
Столон - ұзын жатаған өркен, көбінесе қабыршақты жапырағы болады, бір жылдан аса өмір сүреді және жаңа дараққа бастама береді.
Түйнек - сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнекке айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзше дейді. Картопты көбінесе түйнек арқылы көбейтеді. Түйнектен жер өркендер дамиды.
Жуашық (пиязшық) - түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, т. б. жатады.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: