қамтамасыз етіледі. Асырау жағдайлары рента алушының тұрғын үй құқықтарының барынша нашарлатпауы қажет. Бұл шартта тұру үшін берілетін тұрғын үйдің мөлшеріне, оның санитарлық жағдайына, қауіпсіздігіне, жылытуына қатысты талаптарды бекітуді қажетті қылады. Осы себептен өмір бойы асырауда ұстау шарты біршама тұрғын үй құқығы нормаларымен де реттелуі тиіс.
Айтылғандай, тұрғын үйдегі, тағамдарды, күтімдегі мұқтаждарды қамту мен қатар рента төлеуші материалдық жәрдем көрсетуге де міндеттелуі мүмкін. Мысалы, емделуге кездейсоқ бір шығындары көтеруге, пошталық, телеграфтық байланыс шығындардың өтеуге және басқа мақсаттар қаражаттар жұмсалуы керек болса. Шартпен рента төлеушісі әдет-ғұрып қызметтері үшін төлейтіні көзделуі мүмкін. Басқаша айтқанда, ол рента алушыға жақын адамды жерлеу, немесе рента алушының өзін жерлеу бойынша шығындарды өтейтіні қарастырыла алады.
Шартта асыраудың жалпы көлемі (сомасы) анықталып көрсетілуі тиіс. Тараптар шартта асыраудың қандай түрлері берілетінін көрсетіп қана қоймайды, асырауды берудің жағдайлары, әрбір асырау түрінің сандық және сапалық көрсеткіштері анықталуы мүмкін.
Заңнама асыраудың бір айдағы ең төмен мөлшерін бекітеді. Ақшамен бағалағанда ол ең төмен жалақының екі есе мөлшерінен беітеді. Ақшамен бағалағанда ол ең төмен жалақының екі есе мөлшерінен кем болмауы керек.
Асыраудың көлемі туралы дау дамай туындаса , ол сот тәртібінде шешілуге жатады. Тараптардың өзінің дауды ерікті реттеуі де жоққа шығарылмайды. Сот, дауды шешкен кезде, шарттың жағдайлары нақты болмаса, немесе бір-біріне қайшы болса, басшылыққа адалдық, әділеттілік, парасаттылық талаптарын алуы керек .
Шартпен өмір бойы асырауды заттай беруді мезгіл мезгілді ақшалай төлемдермен ауыстыру қарастырыла алады. Ақырында (осының нәтижесінде) өмір бойы
Страницы: << < 19 | 20 | 21 | 22 | 23 > >>