Рента және өмір бойы асырауда ұстау

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>

асырауда ұстау шарты ғұмырлық рента шартына айналады. Бірақ, рентаның ең төмен мөлшеріне қатысты талаптар сақтала береді. Міндеттеменің осылайша жаңғыртылуына (өзгеруіне) тек рента алушының келісімі бойынша және тек оның мүддесінде ғана жол беруге болады.
Шарттың мерзімі. Шарттың мерзімі асырауды алушының өмірінің ұзақтылығымен шектеледі. Төлемдердің мезгілдігін анықтау үшін ҚР АК 532 бабы қарастырған ережелер қолданымды болып келеді.
Шарттың мазмұны. Ғұмырлық рента шарты бойынша рента төлеушісі көбінесе құрамасында бірнеше «бөлшегі» бар асырауды жүзеге асрауға міндеттеледі. Тиісінше рента төлеуші оның «түр-түріне», «сапасын» және берілудің өзге жағдайларын қамтамасыз етілуі керек.
Рента төлеушіде оған өмір бойы асырауды қамтамасыз ету үшін берілген мүлікті иеліктен шығаруға, келісе салуға және мүлікке заттық құқықтардың (шектелген көлемде) сақтап қалатынын айта аламыз. Бұл құқықты өмір бойы асырауда болып келетін тұлғаның бұрынғы мүлкіне шектеулі заттық құқық ретінде анықтауға болады. Бұдан бұрын айтылғандай, рента алушының заттық құқығы өзіне берілген тұрғын үйге пайда болады.
Өмір бойы асрауды берген кезеңде рентаны төлеуші рента төлеу үшін берілген мүліктің құны табиғи тозу құнынан асып төмендемеуіне қажетті шараларды қолдану қажет. Сондықтан рентаны алушыға өмір бойы асырауда ұстау шартының осындай жағдайы сақталғанын (немесе сақталмағанын) бақылау (байқау) құқығы беріледі деген ақылға сыйымды. Рента төлеушінің бұл міндетін шартты елеулі бұзушылық болып бағалануы керек.
Өзінің міндеттемелерін рентаны төлеуші елеулі бұзған реттерде рентаны алушы өзіне оының өмір бойы асырауды қамтамасыз етуі үшін берген мүлкін қайтаруды талап ете алады. Рента алушының басқа құқығы, осындай бұзушылықтар орын алса, рентаны сатып алу бағасын төлеуді талап

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: