Развитие речи детей при помощи устного народного творчества

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>













Логопед - мұғалім: Сапаргалиева К. К.







Шымкент 2018



















Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жаңылтпаш және ұйқас өлеңдердің бала тілін дамытудағы маңызы.
2. Баланы тәрбиелеуде мақал-мәтелдердің мәні
4. Балабақшада бала тілін дамытуда мақал-мәтелдерді қолдану

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Ұйқас өлеңдер, жаңылтпаштар мен мақал мәтелдерді әсерлеп айту - тек қана балалардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл - ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.
Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы, Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өлең - әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын танытып, өнер - білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, Сәкеннің, Жансүгіровтың, Майлиннің, Мұқановтың сондай - ақ көптеген жас жазушылардың балалар сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре отырып, термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер таппақ.
Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген - білгенін қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата - аналарына айтып бере алса, тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инаб

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: