Ал енді осы аты аталған тағамдардың ішінде, қай тағам ең қасиетті, киелі деп аталатын тағам?
Қонақтар: Наннан істелген тағамдар/ таба нан, бауырсақ, тоқаш, т. б. /
Қазақ халқының басты асы нан, нансыз өмір жоқ, сондықтан дастарханға алдымен нан қойылады.
Мұғалім: Нан туралы қандай тиым сөздер білесіндер?
Балалар: Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды.
Мұғалім: -Неге нанды киелі деп атайды?
Балалар:- Жерде жатқан нан болса алып, адам баспайтын жерге қою керек.
Таңертен нан ауыз тимей үйден шықпау керек.
Мұғалім: - Енді нан туралы өлең тындайық.
Бала: - Нан- ардақты адал ас
Кәрі, жас одан аттамас.
Ақ дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.
Нандай жоқ қой асыл дәм,
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Ей, балалар, балалар,
Болмандар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы-
Нан қиқымын шашпандар,
Теріп алып, қастерлеп.
Торғайларға тастандар. /Ө. Тұрманжанов/.
Дастархан иесі: нан, басқа тағамдар туралы мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтайық.
Қонақтар: 1. Нан болса - ойнап күлеміз,
Нан болса - еркін жүреміз.
2. Нан - қасиет,
Нан береке,
Нан- мереке.
3. Ас біткеннің анасы,
Қасиетті нан - осы.
4. Тұз - мұнадй,
Мүз - тұндай.
5. Сорпа іштік,
Сорпа ыстық,
Сондықтан қорқа іштік.
6. Жылқының еті - төсек салып жатқанша,
Сиырдың еті- таң сарғайып атқанша,
Қойдың еті - келесі күн батқанша деген екен.
7. Ет тәп-тәтті - ақ,
Тәп-тәтті - ақ,
Тәп-тәтті еттен
Дәм келіп тат.
8. Қазы, қарта, жал, жая,
Сүр ет, шұжық, балдай-ә?
Қақтыратын тандайды,
Қуырдағы қандай-ды!
Дастархан иесі:
-Рахмет! Ал енді, тағамдарды түр-түрімен
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>