Сабақтың тақырыбы: ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР
Көкшетау қаласы
37 "Аленушка" балабақшасы
Махметова Альмира Қадырбайқызы,
қазақ тілі мұғалімі
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту.
Біліктілік: Балалардың елтану туралы білімдерін кеңейту, алған білімін тексеру, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Қазақтың асыл мұрасына жататын ұлттық тағамдармен терендете таныстыру.
Тәрбиелік:Қазақ ұлтының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.
Сабақтың түрі: Дөңгелек үстел сабағы.
Сабақтың типі: аралас.
Көрнекілігі: ұлттық ыдыстар, тағамдар, суреттер, плакат.
Сабақтын әдістері: сұрақ- жауап, жатқа айту, әңгімелеу, заттардың көмегіне сүйену.
Сабақтың барысы: дөңгелек үстел үстінде ұлттық тағамдар. Дөңгелек үстел басына балалар жиналады. Дастарханға ұлттық тағамдар қойылған.
Мұғалім: /дастарханның иесі/
-Біз бүгін қазақтың ұлттық дастарханына қонаққа келіп тұрмыз. Қазақтың киелі ақ дастарханы біздің алдымызға жайылып, тағамдарын сыйлап тұр. Бірақ бұл дастарханға отырар алдында біз жұмбақ шешуіміз керек.
/Тақтада әшекейленіп жазылып тұрады. /
"Дәмді- дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды".
/Дастархан/.
"Дос үйіне түстің бе,
Түгел соның үстінде".
/Дастархан/.
Мұғалім: -Ал, енді, өздерің жұмбақ білесіндер ме?
Балалар: /Қонақтар жұмбақ жасырады/
"Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас "
/Таба нан/.
"Арқасында азығы,
Бауырында қазығы".
/Үстел/.
"Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ".
/Тұз/.
"Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртымда.
Бәрі содан шығады
Ірімшік, май, құртың да&
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>