quot;.
/Сүт/.
"Бір дария қайнайды екі көбік,
Ішінде жайын да жүр михнат атып, тартып,
Өткелі бар дарияның аралы жоқ,
Келе ме білсе жайын оған қайтып".
/Қазанда асқан ет/.
"Сары ағаштан сарайым,
Ішіне жаққан қалайым,
От пенен су бір жерде,
Табылып тұр әрдайым".
/самауыр/.
Дастарханның иесі: - Рахмет, сендер жасырған жұмбақтар өте ұнады. Дастархан, ұлттық тағамдар туралы жұмбақ көп біледі екенсіздер. Енді дастарханның басына отырайық.
Балалар жайланып дастарханның басына отырады.
Дастархан иесі: - Осы киелі дастарханның үстінде қандай тағамдар бар?
Қонақтар: - Бауырсақ, таба нан, құрт, ірімшік, шұжық, қазы, айран, алма, шай, қант, сары май.
Дастарханның иесі: -Осы дастарханға барлық тағамдар сыймай қалыпты. Сондықтан, балалар, айтыңдаршы қазақ халқында тағы қандай ұлттық тағамдар бар?
Қонақтар: - Бешбармақ, сорпа, қуырдақ, құыйрық бауыр, жал-жая, тоқаш, қоспа, шұбат, қаймақ, қатық, палау, самса, кеспе, балқаймақ, шелпек.
Дастархан иесі:- Өте жақсы! Қазақ халқы дастархан байлығына өте үлкен мән берген. Негізгі асы - сүт пен ет. Қазақтар тағам түрлерін ақ /сүт тағамдары/, қызыл/ ет/ және жасыл /көкөніс, жеміс/ деп үшке бөлген.
Етті суға пісіріп те, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп те, отқа қақтап та әзірлеген. Олардың атауы: қазы, қарта, шұжық, жал, жая, т. б. ет тағамдары.
Сүттен құрт, ірімшік, қымыз, шұбат, айран, май, қаймақ, қатық, ежегей сияқты ішетін, жейтін әр түрлі тағам әзірлеген.
Қазақ халқы табиғат байлығына ертеден- ақ жақын, ол байлықты тиімді пайдалана білген. Ет тағамдарының тұздығы мен сорпасын дәмдендіру үшін түрлі өсімдік түрлерін пайдаланған: пияз, сарымсақ, атқұлақ,/ қымыздық/, шалқан, қызан,/ жаужұмыр/, т. б.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>