br/>Мазмұны: Жетекші әрқайсысына қоржыннан бір-бір жаңғақ алуды сұрайды. Бір минут ішінде мұқият қарап өз жаңғағын есте сақтау қажет, бірақ оған белгі салуға болмайды. Бір минуттан кейін жаңғақтар қайта жиналады. Жүргізуші оларды араластырып, шеңбер ортасына төгеді. әрбір қатысушы өз жаңғағын танып тауып алу керек.
Талқылау:Қандай белгілер бойынша өз жаңғағыңды табуға мүмкіндік болды, ол басқалардан қалай ерекшеленді. т. б
Жаттығу орындалғаннан кейін грек жаңғағымен адамдар арасында олардың ұқсастығын тексеруге болады. Жаңғақтың құндылығы, оның ішінде орналасумен байқалады. Жаңғақ өте әдемі болуы мүмкін, немесе толық болуы мүмкін. Бейнелеп айтсақ адамдар да осындай жағдайлар кездесуі мүмкін, сондықтан адам туралы қандай да бір ішкі ерекшеліктер бойынша кінә тағуға немесе шешім шығаруға асығуға болмайды. Жаңғақтың қабығы өте қатты және ол оған ішкі қабатын қорғау үшін қажет. Көптеген адамдар да көбіне өзін қауіпсіз сезінуі үшін жаңғақ сияқты қабық жасап алуы ықтимал, ондайлар басқаларға тез ашылмайды. Қарым-қатынас жасауда осыны есте сақтаған жөн. 3. "Ертегі құрастырайық" ойыны
Ойынның барысы: 2 топка бөлініп ертегі құрамыз,әр топ ойынға дөңгелене шеңбер құрып отырады да, ойын жүргізушісінің бастаған ертегісін құрастыруды кезектесіп жалғастырады. 1 топқа"Ерте, ерте, ертеде. . . ". 2топқа "Баяғда ерте заманда. . . ".
Жүргізуші: ал, мұқият болып, бір - біріңді зейін қойып тыңдаңыздар. Сонымен қатар іштеріңнен өз ойларыңды дайындап, ойланып отырыңдар. Ертегі құрастыруды бастадық: "Ерте, ерте, ертеде. . . "- деп жүргізуші ертегінің басын бастап, келесі отырған ойыншы оны жалғастырады. Сөйтіп, шеңбер бойымен жалғаса береді. Жүргізушінің кезегі қайтадан келген кезде, ол ертегінің мазмұнын мағынасына қарай бағыттап жібе
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>