стыру кезең
Психологиялық тренингтің мақсаты және міндетімен таныстыру.
Тренинг ережесі: Тренинг ережесі:
- Тренингке берілген регламентті сақтау; - Тренинг барысында бір-бірінің сөзін бөлмеу; - Қатысушылармен бірігіп жұмыс жасау; - Қатысушылар бір - біріне кедергі келтірмеу;
Тренинг мақсатын түсіндіру. Тренингтің кіріспе сөзі . - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгінгі семинар тренинг тақырыбы : "Мен болашаққа сенемін". Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады. Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.
Тренинг барысы:
1. Амандасу. "Өрмекшінің торы" атты танысу жаттығуы. Сіздермен танысу мақсатында "Өрмекшінің торы" атты тренингін өткіземіз. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты - жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір - біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен жақсы қасиеттерін айта отырып, кері қайтарып бересіздер.
2. "Жаңғақтар "жаттығуы
Мақсаты: Әрбір қатысушының дербестігін, топ болып өзара қарым-қатынасын жасау процесінде жеке қарым-қатынас жасау стилін сезу. <
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>