Поурочный план

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні, айы, жылы
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: 1 - 2. Адамзаттың пайда болуы.
Сабақтың мақсаты:
Адам баласының пайда болуы туралы, оларда қандай еңбек құралдары болғаны, олар қалай аталған және тас дәуірінің үшке бөлінгендігі туралы түсінік беру.
Оқушылардын білімдерін одан әрі дамыту.
Отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау
Көрнекілігі: карта, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқу құралын түгелдеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Адамның шығу тегі.
2. Адамның шығу тегі туралы қазіргі көзқарастар.
3. Тас дәуірі.
4. Адамзаттың даму барысы.
5. Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы.
6. Алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымы.

Адамзаттың пайда болуы.

Адамның шығу тегі. Түр - сипаты мен ақылойы осы заманғы адамдарға ұқсайтын адамзат қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Тарихта осы мәселеге байланысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Оның бірі діни түсінік. Ол бойынша еңбекке қабілетті адам баласын Құдай жаратты. Оны жер жүзіндегі барлық тірі жан иесінен артық етті. Оған ой - сана мен тіл берді.
Адам - жер бетіндегі тіршілік ететін тірі организмдердің ішіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы ақыл мен ойдың иесі. Қоғамдық - тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы.

Адамның шығу тегі туралы қазіргі көзқарастар. Адам қашан және қай жерде пайда болды деген сұрақ әркімді - ақ толғандырары сөзсіз. Археологияның соңғы жаңалықтары бойынша, адам баласы жер бетінде үш миллиондай жыл бұрын пайда болған. Алғашқы адамдар Солтүстік - Шығыс Африка, Алдыңғы және Оңтүстік Азия аумағында

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: