н жоқ. Дегенмен ежелгі адамдардың Қазақстан жерінде болғандығының заттай куәлары - тас құралдары табылған. Олардың ең көнесі 1 миллион жылдай бұрын жасалынған. Жамбыл облысы Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған тас құралдар алғашқы адамдардың еңбек құралдары. Алғашқы адамдардың көне іздері Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қазақстанның оңтүстігіндегі Шабақты, Қазанғап, Тәңірқазған т. б. қоныстардан табылған.
ІҮ. Сабақты бекіту:
1. Ғалымдар Танзания (Шығыс Африка) жерінен табылған алғашқы адамды қалай атады:
а) "саналы адам" ә) "епті адам" б) "үңгір адамы" в) "тік жүретін адам"
2. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылған жер:
а) Англия ә) Кения б) Ява аралы в) Германия
3. Қазақстан аумағында алқашқы адамдар пайда болған кезең:
а) бұдан 5 миллиондай жыл бұрын ә) бұдан 4 миллиондай жыл бұрын
б) бұдан 3 миллиондай жыл бұрын в) бұдан 1 миллиондай жыл бұрын
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: 1 - 2 параграфты оқу, мазмұндау.
Страницы: << < 1 | 2 | 3