Поурочный план

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

қалыптасқан. Кейін жер шарының барлық аймақтарына таралып қоныстанған.
Тарихи таным белгілі бір уақыт, заманмен байланысты болатындықтан, адамзат шығуы дәуірінің хронологиялық ауқымын сипаттап өтейік.

Тас дәуірі. Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Сондықтан да адамзат баласының тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады.
Тарихта ең ұзаққа созылған ежелгі тас дәуірі (палеолит) б. з. б. 2,6 млн жылдан - б. з. б. 12 мың жыл аралығын қамтиды. Палеолиттің өзі ерте палеолит (б. з. б. 2,6 млн жыл - б. з. б. 40 мың жыл аралығы) және кейінгі палеолит (б. з. б. 40 - 12 мың жылдар аралығы) болып бөлінеді.
Ерте палеолит олдувэй, ашель және мустье атты үш кезеңнен тұрады. Олдувэй б. з. б. 2,6 млн - 800 мың жылдар, ашель б. з. б. 800 - 140 мың жылдар, мустье б. з. б. 140 - 40 мың жылдар аралығымен мерзімделеді.
Палеолит дәуірі өте ұзаққа, шамамен 3 миллиондай жылға созылған. Осы уақыт ішінде ірі өзгерістер орын алды:
1. Адам баласының түр - тұлғасы, бет - бейнесі, ой - санасы қалыптасты.
2. Адамзат Африка жерінде пайда болып, палеолит дәуірінде жер бетіне біртіндеп таралды.
3. Тас құралдар жасау ұдайы жетілдірілі түсті, сапасы жақсарды.

Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы. Қазақстан аумағында алғашқы адамның болған іздерін, олардың тастан жасалған еңбек құралдарына қарай отырып білеміз. Біздің жерімізден табылған тас кескіш, қырғыш, тескіштер - ерте палеолитке, яғни 1 миллион жыл бұрынғы кезеңге жатады. Өзінің даму барысында бұл еңбек құралын жасаған адамдар - "тік жүретін адам" деңгейінде тұрған еді. Ол от жағуды әрі оны қолдануды білді. Олардың негізгі кәсібі аңшылық және трімшілік болды.
Қазақстан жерінен ежелгі адамның сүйек қалдықтары табылға

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: