Планиметрия курсының салу есептерін шешу әдістемесі және заманауи технология мүмкіндіктерін пайдалану

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ӘОЖ:
ПЛАНИМЕТРИЯ КУРСЫНЫҢ САЛУ ЕСЕПТЕРІН ШЕШУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Қуанышбекова Айдана Қуанышбекқызы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Ғылыми жетекші: Профессор Есенжолов Е. Қ
Bota-aidumail. ru

Салу есептері оқушылардың геометриялық есептеулерін толығымен қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Геометриялық салуларды орындау процесі кезінде оқушылар геометриялық фигуралар және олардың арасындағы қатынастар қасиеттерімен танысады, сызбалық құралдарды қолдануды үйренеді, графикалық дағдыларды қалыптастырады. Көптеген математикалық тұжырымдардың дұрыстығына оқушылар көптеген жағдайда геометриялық салулар процесінде көз жеткізеді.
Қазіргі уақытта геометриялық салу есептері кейбіреулерге қызықсыз, қажетсіз, ойдан шығарылған болып көрінуі де мүмкін. Циркуль мен сызғышты пайдаланып дұрыс он жетібұрышты көпбұрыш салу, үш биіктігі бойынша үшбұрыш салу немесе берілген түзуге параллель түзу салу не үшін қажет?
Қазіргі заман техникасы бұл салуларды кез келген адамнан әлде қайда тез, әлі дәлірек орындау мүмкіндігін, сонымен қатар, циркуль мен сызғышты қолданып шешуге мүмкін емес салу есептерін шешу мүмкіндігін туғызып отыр. Солай бола тұрса да салу есептерінсіз геометрия, геометрия болудан қалады. Геометрияны шын мәнінде жақсы сезіну үшін, оны жақсы көріп, ұнату үшін, салу есептерін айналып өтуге болмайды.
Оқушылардың планиметриядағы салу есептерін шешу қабілеті мен білігін жүйелі қалыптастыруда Geogebra математикалық бағдарламасының көмегіне де жүгінуге болады. Осы бағдарлама арқылы салу есептерін қалай орындауға болатындығына тоқталайық.
Geogebra (www. geogebra. org) тегін интерактивті математикалық орта (ИМО) болып табылады. Планиметрия курсының сызбаларын,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: