әсіресе, сызғыш пен циркуль көмегімен салынатын есептерді салуда пайдасы көп. Бағдарлама толығымен қазақ тіліне аударылған.
1-сурет. Geogebra ИМО-да элементар салуларды орындауға қажет құралдар
1. Жана нүкте енгізуге арналған командалар тобы. Сызбадағы екі обектінің қиылысу нүктелерін, кесіндінің ортасын белгілеуге немесе жана нүкте енгізуге мүмкіндік береді.
2. Сызғыш аксиомаларын сақтай отырып, сызғыштың мүмкіндіктерін толық пайдалануға мүмкіндік беретін құралдар тобы. Қосымша берілген ұзындық бойынша кесінді салу, екі нүкте арасындағы вектор салуға мүмкіндік береді.
3. Түзуге перпендикуляр, паралель түзу салу және бұрышқа биссектриса шеңберге жанама жүргізуге мүмкіндік беретін құралдар тобы.
4. Циркуль аксиомасының ерекшеліктерін сақтай отырып, қарапайым циркуль мүмкіндіктерін кеңейтетін құралдар. Үш нүкте арқылы шеңбер салуға, диаметрдің ұштары бойынша жарты шеңбер салуға, доға салуға мүмкіндік береді.
5. Сызбаға қосымша мәтін немесе сурет енгізуге мүмкіндік береді.
Сызбадағы әр объектінің атауын, түсін, сызық қалыңдығын, типін, толығымен өзгертуге болады. Ол үшін объектіге тышқанның оң жақ батырмасын басып объект баптаулары командасын таңдау қажет.
Жоғарыда (1-сурет) көрсетілгер құралдарды пайдалана отырып мектеп курсының элементар салу есептерін салайық.
Есептер қарастырайық: Α және Β ұштары берілген кесіндінің ортасын салу. Бұл есептің шешуін әр түрлі құралдар көмегімен табамыз.
I Циркуль және сызғыш.
Тізбектей саламыз:
1. ΑΒ түзуін ( 2 негізгі салу); (екі нүкте арасындағы кесінді)
2. w1Α,ΑΒ шеңберін (4 негізгі салу); (циркуль)
3. w2Β,ΒΑ шеңберін; (циркуль)
4. w1 және w2 шеңберлерінің Μ және Ν ортақ нүктелерін ( 6 негізгі салу); (екі обьектінің қиылысуы)
5. ΜΝ түзуін (2 негі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>