ot; үйірмелері жатады. "Қосымша білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған педагогикалық шарттар кешенін тәжірибеде жүзеге асыру " тақырыбы бойынша келесі міндеттерді жүзеге асырады:
- Оқушы бойындағы табиғи дарын мен қабілеттерін зерттеу, дарынды балалардың шығармашылық потенциалын дамыту;
Жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдану, қосымша арнайы үйірмелер арқылы жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қолайлы ортаны туғызу;
Оқушыларды үйрету мен тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін ғылыми негізде жүргізуді жетілдіру. Балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыру;
Оқушылар шығармашылығын дамыту және шығармашылық топтың жұмысын жетілдіру, олармен орындалатын жұмыстың ауқымын кеңейту, мұғалімнің шығармашылық белсенділігін арттыру.
Оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, әрбір баланың балалар қоғамдастығында өзін-өзі еркін сезінуін қамтамасыз ету, азаматтық-патриоттық, еңбек тәрбиесіне тәрбиелеу.
"Балалар өнер мектебінде" 21 оқытушы бар: жоғары білімді 9, орта арнайы педагогикалық 3, жоғары кәсіби 2, арнайы орта кәсіби 5, орта біліммен 2. Біліктілік санаттары бойынша: жоғары санатты -3, I санатты 3 оқытушы, II санатты -9, санатсыз - 6 мұғалім.
"Балалар өнер мектебінің" жұмыстары 3 бағытта жүргізіледі:
1. Көркем-эстетикалық;
2. Ғылыми-техникалық;
3. Музыкалық-эстетикалық.
"Балалар өнер мектебінде" жұмыс жоспары бойынша келесі іс-шаралар атқарылды:
Қыркүйекте білім күніне орай саз мектебі мен шығармашылық үйірме оқытушылары үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үйірмелер кестесі құрылып, әр үйірменің жұмыс жоспарлары жасалынды. Педагогтар туралы толық деректер базасы құрылып,
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>