ін жүзеге асыруда. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 7-1 тармақшасына сәйкес әзірленген және балалар музыка мектептеріндегі, балалар көркемөнер мектептеріндегі және балалар өнер мектептеріндегі балаларға қосымша білім беру бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етеді және қосымша білім берудің оқу пәндерінің көлемін, оларды оқытуды анықтайды, оқушылардың оқу жүктемесінің көлемін қамтиды.
Таңдаған мамандығына байланысты балалар мектептеріндегі, балалар көркемөнер мектептеріндегі және балалар өнер мектептеріндегі қосымша білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі бес- жеті жыл және оқыту қорытынды аттестаттаумен аяқталады. Оқушылардың қажеттіліктері ескеріле отырып олардың ең жоғары оқу жүктемесін қосымша білім беру ұйымы белгілеп және сыныптардың /топтардың/ толықтылығын ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 мамырдағы 499 бұйрығымен бекітілген "Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережесі" негізінде білім беру процесі тарауындағы 34 тармақшасы бойынша ұйымдастырылып отыр.
Мемлекеттік оқу жоспарында белгіленген барлық оқу пәндерін толық қамтуға материалдық базаның және кадрлардың жетіспеушілігін ескере отырып, тиісінше оқытуға мүмкіндік болатын оқу пәндері қамтылды.
Оқу жоспары бойынша оқытылатын пәндер үйірме түрінде жүргізіледі. Оқу жоспары қосымша білім берудің әрбір оқу пәндері бойынша игеруге жататын білімнің, біліктің, дағдының және құзіреттің мазмұны мен көлемін реттейді.
Ақылы үйірмелерге /музыка бөлімі/ бойынша: домбыра, фортепиано, аккордеон сыныптары , қамтылған балалар саны 46, оның ішінде Самар ауылы 19 оқушы, Көкпекті ауылы 27 оқушы.
Саз мектебінде ақысыз үйірмелерге "би", "вокал&qu
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>