План воспитательной работы ДШИ

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

соңғы 3 жыл бойынша барлық көрсеткіштері анықталды. "Балалар өнер мектебінде" әдістемелік кеңес жоспары бойынша әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырып, мұғалімдердің білімін, кәсіптік деңгейін, шеберлігін жетілдіру мақсатында жұмыс жүргізді. Сәнді-қолданбалы үйірме жетекшісі С. Рахметова, 2014 жылы қыркүйек айында Риддер қаласында "Қандай ғажап бұл әлем" байқауына оқушысы Төреханова Аида қатысып облыстық алғыс хатпен, тәжірибелі ұстаз Л. Ситникованың оқушысы Сыдыкова Мадина 1 орынға ие болып мадақтамамен марапатталды.
Қазан айында ұстаздар күніне орай, оқу ісінің меңгерушісі А. Байгалиева облыстық білім беру басшысынан алғыс хатымен марапатталды, үйірме жетекшілері М. Клейн, О. Луцкая Өскемен қаласында облыстық білім беру орталығы ұйымдастырған хореография бағыты бойынша шебер-сыныпқа қатысып, семинарда облыстық білім басқармасынан сертификаттар алды. Осы мерекеге орай тәрбие ісі меңгерушісі Ш. Таныбаева "Ұстазым менің ұстазым!" "Қарттарым, аман саумысың. . . " атты мерекелік кеш ұйымдастырды . "Алтын күз" мерекесін қуыршақтар театрының оқушылары жоғары деңгейде өткізді ( жетекшісі Шарифуллина А. С. ). "Туған жерге тағзым" акциясы аясында "Өрнек" ЖШС директоры Е. Қойгельдиннің демеушілігімен 40 орынға арналған "Өрнек" балабақшасының және "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында салынған дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына арналған іс-шараға "Балалар өнер мектебінің"ұжымы белсене қатысты.
"Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған ең үздік әзірлеме" сайысы сырттай түрде өткізілді. Тәрбие ісі меңгерушісі Ш. Таныбаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: