Манова Салтанат Тохтарқызы,
жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі
Білімін жетілдіруде "АКТ-ны сабақта кеңінен қолдана отырып, дәстүрлі емес сабақтар ұйымдастыру" тақырыбында ізденіп,
"Оқыту барысында стандарт емес есептерді қолдана отырып, оқушының шығармашылық қабілетін арттыру" тақырыбында жұмыс жасайды.
Сабақ тақырыбы: Пифагор теоремасының қолданылуы
Геометрия 8 - сынып
Сабақ мақсаты:
Білімдік: Оқушылардың Пифагор теоремасы тақырыбы бойынша қызметін ұйымдастыру, Пифагор теоремасынын дәлелдеудің бірнеше тәсілдерін меңгеру, есептер шығаруда формулаларды қолдана алуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Қарастырып отырған есептерге талдау жасай білу, қорытындылар жасауға, оқу қызметін өздігінен бақылау жасау машығын дамытуға жағдай жасау, сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылық және тиянақтылыққа, шығармашылық белсенділікке баулу, көншіл, ұйымшыл болуға тәрбиелеуге күш салу.
Сабақ типі: аралас.
Сабақ түрі: білім, білік дағдыларын бекіту
Сабақтың әдісі: тәжірибелік, практикалық
Сабақтың тәсілі: миға шабуыл, зерттеу, рефлексия, талдау, сұрақ-жауап, презентация.
Оқыту формасы: топтық, жеке-дара
Көрнекілігі: презентациялар, оқу құралдары, интерактивті тақта, ноутбуктар, математикалық конструктор 1C , тестілеу бағдарламасы Hyper test.
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсаты. Бүгінгі алатын білімнің өзектілігі. (2 мин)
II. Өткен теориялық материалдарды қайталау. (7 мин)
III. Математикалық конструктор 1C ортасында практикалық тапсырмалар орындау арқылы мақсатқа жету. (23 мин) Пифагор теоремасының қолдану аясы.
IV. Ежелдегі қызықты есептерге шолу, қосымша мәліметт
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>