ер (5 мин)
V. Рефлексия. Үйге тапсырма. Бағалау. (3 мин)
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі алатын білімнің өзектілігі:
Өткен сабақтарда біз Пифагор теоремасын дәлелдеудің бірнеше тәсілдеріне тоқталып, белгілі тұжырымдарды дәлелдеп, тік бұрыштарды шешуге есептер шығарсақ, бүгінгі сабақта осы Пифагор теоремасының қолдану аясына кеңінен тоқталамыз. Нақтырақ айтсақ, жазықтықтағымен қоса кеңістіктегі нүктелердің және берілген нүктеден фигураға дейінгі ара қашықтықты табуда, арнайы математикалық конструктор 1C ортасында салу есептері бойынша лабораториялық жұмыс орындағанда, тор көзді қағаздарда орындалатын практикалық жұмыстарда, тригонометрияда, тұрмыстағы алатын роліне қолданамыз. Сонымен бірге атаулы теорема қолданылатын ертедегі қызықты есептерге де тоқталамыз.
II. Үй тапсырмасын тексеріп, ( өткен теориялық материалдарды қайталау) ауызша сұрау.
1. Пифагор деген кім? Пифагор теоремасының қандай дәлелдеулерін білесіңдер?
Пифагор - б. д. д. VI ғасырда өмір сүрген грек ғалымы.
Пифагор теоремасының келесі дәлелдеулерін білеміз:
Фигуралардың тең шамалылығы бойынша (Пифагор дәлелдеуі);
Аддитивті дәлелдеуі, яғни катеттерге салынған шаршыларды фигураларға бөліктеу, нәтижесінде осы бөліктерден гипотенузаға салынған шаршыны құрастыра білу (Эйнштейн дәлелдеуі);
Қосымша салулар жүргізу бойынша (Гофман дәлелдеуі);
Алгебралық әдіс (Мёльман дәлелдеуі);
Бұрыштың косинусы бойынша дәлелдеуі.
2. Катеттер, биіктіктер теоремалары. Пифагор теоремасы. (Ауызша тұжырымдау)
Катеттер теоремасы (Евклид теоремасы):
Тікбұрышты үшбұрыштың катетіне салынған шаршы ауданы қабырғаларының бірі гипотенузаға тең, ал екіншісі үшбұрыш биіктігі бөлетін гипотенуза бөлігінің біріне тең болатын т
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>