же:
1. Мұғалім мен оқушы,оқушы мен оқушы арасында байланыс күшейеді
2. Оқушының сабаққа деген ынтасы артады
3. Халық қазынамыз оқушылар есінде сақталады
Осыған мынандай педагоикалық ережелерді басшылыққа аламыз:
-оқыту мен тәжиірбенің байланысы;
-оқытудың тәрбиелігі;
-оқытудың ғылымилығы;
-оқытудың жүйелігі;
-оқушылардың саналылығы мен белсенділігі;
-оқытудың көрнекілігі;
-оқытудың түсінуге оңайлылығы, т. б.
Коммуникативтік технология деп оқуға қатысушылардың барлығын мүмкіндігінше құрал жабдықтарды мен ақпарлардың барлығын қатыстыра отырып, өзара белсенді тілдік қатынасқа енгізе отырып, оқу үрдісін құруды айтады. Қолданылатын жұмыс түрлері: ынтымақтыстықта оқу( мұғалім мен оқушы), жұптық оқу (оқушы-оқушы бірін-бірі оқытуы), топтық құрамда жұмыс істеу (топтардың құрамы өзгеріп отыруы шарт),оқу-тілдік диолог (өзара пікір алмасу). Бұл технологияның ерекшелігі алдыңғы орынға тілдік қарым-қатынас(сөйлеу) қойылады. Оқушы өз ойын жеткізе алу үшін оған қажетті лексикалық және грамматикалық минимум алдын-ала тапсырылады. Мысалы, "Мектеп" моделі бойынша "Менің мектебім" деген диолог беріледі. Сонда оқушыға тәуелдік жалғауды, сын есімнің шырайларын қайталап келу тапсырылады. Ұлттық педагогикамен байланыстырғанда "Бәйге" ойынын жаңа сабақты бекітер кезде өткізуге болады.
А. Менің сыныбым әдемі
М. Ал менің сыныбым әдемірек
А. Менің мектебім үлкен
М. Менің мектебім үлкендеу
А. Мектебімнің терезелері кеңірек
М. Менің мектебімнің терезелері өте кең
А. Мектебімнің іші өте таза
М. Ал, менің мектебімнің іші тап-таза
А. Мен мектебімді өте жақсы көремін
М. Мен мектебімді тым жақсы көремін
"Бәйге" ұлттық о"Бәйге" ұлттық ойын. Белгілі мәреге жүйрік
Страницы: << < 30 | 31 | 32 | 33 | 34 > >>