тұлпары бар адам жетеді. Сабақта кідірмей жауап берген оқушы жетеді. Мұнда коммуникативті технологияның принцібі көрінсе, екіншіден ұлттық ойын арқылы оқушының белсенділігі артып, сынып алдында сөйлеу дағдысы қалыптасады
. Сабақта мақал- мәтелдер,жаңылтпаштар,аңыздарды оқытамыз, сонда деңгейлік тапсырма өте қолайлы. Нәтижесінде оқушының қабілеті ашылса, екіншіден мақалды есінде сақтап,тәрбиелік жағы есінде қалады. 7 сыныпта "Менің достарым" деген тақырыпта мақал-мәтелдер берілген. Оқушыларға мынандай тапсырма беріледі.
5-тапсырма.
1. Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді
2. Адам досымен мықты,
Ағаш тамырымен мықты.
Бірінші деңгей. Мақалды оқы,аудар
Екінші деңгей. Мақалды жаттап,ішінен тәуелдік жалғауын көрсет
Үшінші деңгей. Мақалды қара сөзбен жаз.
Төртінші деңгей. Мақалды байланыстырып, досың туралы жаз. (үйге беруге болады)
Сабақта мәтінді өткенде немесе қайталау сабақ болғанда оқушылардың шығармашылық іздемпаздығын, қабілеттерін арттырып,бірлесе қимыл жасауға тәрбиелеуде ойын арқылы оқытудың әдісі қолайлы.
1. Тақтаға кесте сызылып, әрбір жауапқа "" белгі қойылып отырады.
Сабақ қазақтың ұлттық ойындары - көкпар, бәсеке сайыс ретінде өтеді.
Мысалы: а) Мәтінді мәнерлеп оқы (О О)
ә) Аудармасын тап (О О)
б) Сұрақ құрастыр, жауап бер. (О сұрақ,О жауап)
в) Грамматикамен байланыстыра тапсырма ( зат есімді тап, т. б. )
г) Жоспар құр (жазбаша)
д) Мазмұнын айт
Аты-жөні 1 2 3 4 5 6 Ұпай Баға
1 Ермек. Ш - - - - 2 3
2 Ұлан Т. - - - 3 3
3 Санжар М. - 5 4
4 Ынтымақ - - - - - - -
5 Жанерке 6 5
Грамматикалық тақырыпты өткенде,мәтіндерді бекіткенде әр түрлі тірек сызбаларды, кестелерді қолданамыз. Осында ұлттық оюла
Страницы: << < 31 | 32 | 33 | 34 > >>