ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі - модульдік оқыту.
Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын, таным - белсенділігін арттыру.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат - міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10 - 20 минут ішінде) презентация, сызба, кесте және т. б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2 - 6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең - кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі - бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір - біріне көмегі, бірін - бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сы
Страницы: << < 22 | 23 | 24 | 25 | 26 > >>