а пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.
Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.
Заты мен аты
Ойынның мақсаты:Балаларды дұрыс сөйлеуге жаттықтыру , тілдерін ұстарту.
Жемістердің бәрі бар,
Бау бақшадан танып ал.
Ол үшін не керегін,
Берем әр зат дерегін:
Біреуін қағу керек,
Біреуін шағу керек,
Біреуін жару кещрек,
Біреуін ору керек,
Біреуін қазу керек,
Біреуін үзу керек,
Біреуін үгу керек,
Біреуін жұлу керек,
Біреуін турау керек,
Біреуін турау керек,
Біреуін теру керек,
Біреуін тілу керек,
Біреуін аршу керек,
Біреуін қуыру керек,
Біреуін пісіру керек,
Шатастырмай айт,қане,
Ол қай жеміс аттары?
Қағатының - алма,
Шағатының-жаңғақ,
Жаратының-қарбыз
Оратының-тары,
Қазатын
Страницы: << < 20 | 21 | 22 | 23 | 24 > >>