Ойындарды қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7

астығы мен әріптестігін қалыптастыруға ықпал етеді. Себебі оның орындалуы жолдастарының пікірін дәл ескере отырып, бірлесіп әрекет етуі, бір-біріне көмектесуі тиіс,сонымен қатар оқушылар тобын қамтуды болжайды.
Мұғалімдер де, тәрбиешілер де және ата-аналар да, бәріміз есте сақтайтын жағдай - ересек адамның жұмыс істеуі міндетті сияқты,балаға да ойын қажет.
Ойын әрқашан шешім қабылдауды - қалай істеу керек, не айту керек, қалай ұту керек екендігін болжайды. Ойнаушылардың ойлау әрекетін тездетеді. Ал егер бала шет ел тілінде ойлайтын болса ше? Әрине,мұнда бай оқыту мүмкіндіктері жасырын тұр. Бірақ балалар бұл туралы ойланбайды. Олар үшін ойын бірінші кезекте - тартымды сабақ. Ойында бәрі тең. Ол тіпті әлсіз оқушылардың қолынан да келеді. Теңдік, қызығушылық атмосферасы және қуаныш сезімі, тапсырманы орындай алатындығын түйсіну сөз бірліктерін еркін қолдануға кедергі болатын ұйялшақтықты жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижелеріне оңтайлы әсер етеді. Тіл материалы байқатпай меңгеріледі, ал осымен бірге қанағаттану сезімі пайда болады. Осылайша, біз ойынды жағдайлы - вариантты жаттығу ретінде қарастырамыз, мұнда оған тән - сезімталдық, мақсатты бағыттылық, сөйлеп әсер ету белгілері арқылы нақты сөйлеу қарым-қатынасына мүмкіндігінше жақындатылған жағдайларда сөйлеу үлгісін көп рет қайталау үшін мүмкіндік құрылады.






Страницы: <<  <  5 | 6 | 7
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: