арға үлкен қызығушылық білдіреді. Жеке тұлғаны анық түйсіну (тіпті кейіпкер жағымсыз болса да) "әртістің" эмоциялық тонусын көтереді, ал бұл нәтижеге, шет ел тілін меңгеруге оңтайлы әсер етеді.
3. Рөлдік ойын тіл материалын меңгеру кезінде ассоциативті қорды кеңейтуге ықпал етеді. Есте сақтайтын нәрсе - оқу пьесасы театр пьесасының типі бойынша құрылады, ал ол қалыптасқан жағдайдың сипатталуын, әрекет етуші тұлғалардың мінез-құлқын, олардың арасындағы қатынастардың сипатталуын болжайды. Сондықтан әрбір пікірдің артында нақты шындық үлгісінің кесіндісі тұрады.
4. Рөлдік ойын белім беру ынтымақтастығы мен әріптестігін қалыптастыруға ықпал етеді. Өйткені этюдты орындау оқушылар тобын қамтиды, (рөлдік ойын тек диалог негізінде емес,сонымен бірге полилог ретінде құрылады) онда олар бір-бірінің көзқарасын ескере отырып, өзара бірігіп әрекет етуі, бір-біріне көмектесуі тиіс. Рөлдерді бөлу оқушылардың тілдік , сондай-ақ әртістік мүмкіндіктерін ескеру қажет,біреулеріне вербалды,екіншілеріне ым-ишара рөлдерді тапсырып, үшіншілеріне мәтін негізінде айтып отыруға құқық беретін "суфлер"рөлдері тағайындалады.
5. Рөлдік ойын білім беруші мәнге ие. Білім алушылар қарапайым нысанда болса да театр технологиясымен танысады. Кез келген жаналық қолдау табады, өйткені білім беру жағдайларында мұндай мүмкіндіктер шектеулі, ал ойлап тапқыштық үшін үлкен кеңістіктер ашылады. Басқа күйге енудің өзі психологиялық диапазонның кеңеуіне, басқа адамдарды түсінуге ықпал етеді.
Рөлдік ойындардың ерекшеліктері: рөлдік ойынды қарым-қатынастың нақты үлгісі ретінде бағалауға болады, өйткені ол шын мәнінде өте маңызды белгілерімен ұқсауға тырысады және онда өмірдегі сияқты әріптестердің сөйлесуі және басқа мінез-құлықтары кездеседі .
Рөлдік ойын оқу ынтымақт
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>