Ойындарды қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ойын - эмоциялық және ақыл-ой күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ. Бір ойынның өзі әртүрлі орындалуы ,әртүрлі нысанды қабылдауы мүмкін,бірақ олардың бәрінің негізінде импровизация тұр. Ойын табиғатын ,оның таңқаларлық мүмкіндігін түсіну - бұл бақытты балалық шақтың табиғатын түсіну, өзіңіз бағып отырған балаларды түсіну.
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада,парақтарда және т. б. ) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.
Сонымен қатар, оқу ретіндегі ойын тиімділігі мынадай бірқатар талаптарды сақтауға байланысты, яғни олар: оқушылар әрекет ететін қиялдағы жағдайдың, жоспардың болуы және балалардың ойын нәтижесін, ойын ережесін міндеттті түрде түсінуі. Ойын бұл тек ұжымдық көңіл көтеру емес, бұл оқытудың барлық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі тәсілі, сондықтан ол қандай дағды және икемділікті талап ететіндігін, баланың нені жасай біледі және ойын барысында неге үйренгендігін білу қажет. Ойын оқушылардың ойлау қабілетін күшейту қажеттілігін алдына қоюы керек .
Рөлдік ойын басқа тілде қарым-қатынас жасау, сөйлесу саласын кеңейтуге, білім алушылар пікір айтуда мазмұнды жағына назар аударуға мүмкіндік беретін тиісті дағдыларды дамыту және машықтандыру жаттығуларындағы тіл материалдарын алдын-ала меңгеруді болжайды. Сабақта жиі қолданылатын рөлдік ойындардың түрін төмендегі кестеден көрінеді.
1-кесте Рөлдік ойын түрлері
Рөлдік ойын түрлері
Рөлдік ойын қасиеттері
1. Бақыланатын
Оқушылар қажетті сөздерді алады
2. Белгіленген деңгейде бақыланатын
Оқушылар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипатын алады
3. Еркін
Оқушылар қарым-қа

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: