Оқытудағы бағалаудың білім сапасын арттырудағы маңызы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ның атқарған жұмысына түсініктеменің берілуі:
Кері байланыс өз уақытында болуы керек.
Жетістіктерін тек қана мақтау сөздермен ғана айтып қоймай, оң конструктивті (құрылымдық) түсінікпен де жеткізу қажет.
Бір-бірінің жұмыстарын оқып тексеруге беріп, олардың оң жақтарын және толықтыратын тұстарын көрсетіп бағалайық.
Ең алдымен әрқашан оң аспектілерін атап алыңыз, содан соң сынға алыңыз. Негативті кері байланыс оқушыға емес, жұмыстың осал жақтарына бағытталуы қажет.
Оқушының әлсіз жақтарын ешқашанда көпшілік алдында қорлау сөздермен кемсітіп көрсетпеңіз.
Оқушыларға өздерінің ойлануларына мүмкіндік беріңіз, аузына сөз салып беруге (подсказка) асықпаңыз.
Қорыта айтқанда, мен, мектеп оқушыларының білімін бағалауды жетілдірудің жолдарына төмендегіше өз ұсыныстарымды айтар едім:
Біріншіден, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет жүзеге асыратын Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының маңызды бір мақсаты ретінде 2020 жылға дейін қазақстандық білім беру жүйесінде бес балдық бағалаудан бас тарту көзделіп отыр. Сондықтан дәстүрлі 5 балдық жүйеден 10 балдық жүйеге 2020 жылға дейін созбай-ақ біртіндеп көшірілсе екен. Себебі, әлемнің көптеген елдерінде 5 балдық жүйе мүлде қолданылмайды екен. Мысалы, Беларусь, Грузия, Литва, Латвия, Молдова бағалаудың 10 балдық жүйесін тәжірибеге енгізген. Германия мен Польшада бағалау жүйесінің 6 балдық, Голландия мен Жапонияда 100 балдық, Италияда 30 балдық жүйесі қолданылады. Франция және оның бұрынғы бірқатар отар елдерінде 20 балдық жүйе пайдаланылады. АҚШ-та 5 балдық жүйе қабылданған, бірақ санның орнына әріптер қолданылады. 4
Екіншіден, үстіміздегі жылдың оқу жылынан бастап біздің Байқоңыр қаласындағы 5 қазақ мектебі мен 1 балабақша ҚР-ның білім с

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: