тандартына толықтай көшкен болатын. Осы орайда бұған дейін біздің мектепте 70-тен аса мұғалімдер болса, соның ішінде 6 мұғалім ғана ҚРның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған. Алайда бұл жеткіліксіз, себебі неғұрлым жаңа әдіс-тәсілдерді теориялық және практикалық түрде меңгерген мұғалімдер көп болса, соғұрлым нәтиже де жоғары болады.
Үшіншіден, "Өрлеу БАҰО" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты - біздің қала мектептеріндегі мұғалімдер үшін "оқушылардың білімін бағалаудың жаңа түрлері" тақырыбы аясында тегін немесе ақылай түрде курстар өткізсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Төртіншіден, мектеп оқушыларының білімін бағалау әдістемесіне байланысты көмекші әдістемелік құралдар жинақталып шығарылып, сол тәжірибелер аймақ көлемінде таратылса деген үміт бар.
"Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады" деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Сондықтан да мұғалім мен оқушының сапалық өсуі, үйлесімді бір мезгілде жүргенде ғана оқу-әдістемелік деңгейінде сапалық өзгерістер болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық , "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау" , 46-бет
"НазарбаевЗияткерлікмектебі" ДББҰ,2012 2012 ж
2. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжыр
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>