бала жауапкершілікті сезінеді, өз білімін жетілдіру қажеттігін түсінеді, талдау жасауды, өз білімін басқалармен салыстыруды, білім алу барысында шешімдерді қабылдай білуді үйренеді, дағдыланады. Ғаламтор жаулап алған қазіргі заманда әрбір мектеп оқушылары өз көңіл күйлерін смайликтер арқылы жақсы көрсете алады. Мен де сол смайликтерді сабақты бағалауда тиімді қолдана алатын болдым. Мысалы "Өте көңілді", "жақсы", "көңілсіз" смайликтерді алып сабақтың соңында "Өзіме өте жақсы баға беремін", "Сабаққа жақсы қатыстым", "Орташа қатыстым" деген смайликтермен өздерін-өздері бағалайды. Бұл да оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады. Сөйтіп оқушының ашылуына, сабақта белсендік танытуға мұғалім көмектеседі. Тапсырмаларын орындаған кезде оқушының терең ойы, сен күтпеген пікірі, көзқарасы таңқалдырып, қуантады.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға-бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан оқушыларды бағалауда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданумен қатар, мұғалім тарапынан мадақтау мен ынталандыруда маңызды рөл атқарады. Ынталандыру - дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі. Ұстаз сын айтқан кезде негативті түсінік беруден аулақ болуы қажет. Мысалға: "ақымақ жауап", "осылай ойлауға қалайша дәтің барды?", өйткені мұндай сөздер оқушының жеке басына, психологиясына нұқсан келтіреді. "Дұрыс емес", "қате", "дұрыс жауабын кім береді?" деген сөздерден аулақ болып, жұмысының нақты қай жерінің дұрыс емес екендігін айта кетуі жөн болады. Осыдан келіп, ынталандыру арқылы оқушы
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>