у, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
-- алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
-- анық, айқындылығы;
-- бағаның әділдігі;
-- өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді "төрешілік" қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. 3
Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, өзара, топтық өзара бағалау әдістерін жүйелі қолдануды мақсат етіп алдым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауды үйренеді, дағдыланады. Балаларға әртүрлі бағалау әдістерін қолданып көрдім. Мұндағы мақсатым, оқыту үшін бағалауда қайсысы ыңғайлы. Алғашында бағалау кездерінде қиындықтар болды, оқушылар өздеріне жоғары баға беріп, бірін-бірі көтермелеп қойды. Сабақ барысында оқушылар бағалаудың маңыздылығын түсінді. Бағалағанда сөз мәнері, идеялары, өз ойларын дұрыс жеткізе алуы, тәртіптері, ережені сақтауы т. б. қарастырылса, бірін-бірі бағалағанда дәптерде жазылған жауаптарының дұрыстығына, қатесіз жазылуына, яғни критерийлерге сүйене отырып бағаланса, өзін-өзі бағалағанда оқушыда әртүрлі сұрақтар туындайды. "Мен өз ойымды жеткізе алдым ба?", "жауабымның дұрыстығына нақты дәлелдер келтіре алдым ба?", "мен жаңа тақырыпты қалай меңгердім?", "қаншалықты белсенділік таныттым?", "өзгелердің пікірін тыңдай алдым ба?", "неге үй тапсырмасын орындауда салғырттық таныттым?". Осының нәтижесінде
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>