Оқытуда озық технологияларды пайдалану – сапалы білім негізі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

барлық танымдық потенциалын жұмылдыруға бағыттайды. Оқу үрдісінде білім алушының аталған қасиеттерін жүзеге асыруға мұғалімнің ролі жетекшілік, кеңесші және достық қатынаста жүруге бағыт алады. Жоғарыдағы қасиеттер мен қарым - қатынасты орнықтыруға, оны оқу процесінде жүзеге асыруға оқытудың жаңа технологиялары өздерінің материалданған тәжірибесімен үлкен ықпал етеді.
Қазіргі Отандық білім беру оқу орындарында, әсіресе, жалпы және кәсіби білім беру мектептерінде оқытудың жаңа технологияларын оқу процесінде белсенді қолдануға ұмтылуда. Біздің бірнеше жыл бойы педагогтердің оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесін бақылауымыздан, олардың оқыту технологиясы мен оқыту әдістемесін баламалаумен шектелуі сипат алуда. Жаңа оқытудың технологиясын тәжірибе де қолдану жүйесі жеткіліксіз емес, көріністі түрде қолдану, пән сабақтарының оқу үрдісінде байқалады.
Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде біртұтас, жүйелі және мақсатқа сәйкес қолдану үшін оқыту технологиясы түрінің тұжырымды қағидалары мен теорияларын және сабақты құру мазмұнымен толық қарастырып, ұғынып, оқыту мазмұнының тұжырымды және процессуальды құрылымды элементтерін пайдалану абзал.
Көптеген тәжірибелі педагогтер оқыту түрлерін қолдануда кезеңді баспа беттерінде қарастырылған әдістемелік ұсыныстарға негіздеп оқытудың мазмұнын құрайды.
Осы кемшіліктерді толықтыруға, болашақ педагогтер мен оқытушылардың кәсіби еңбегінде оқытудың технологияларын, олардың көздеген мақсатына сәйкес мазмұны да сапалы, жүйелі де нәтижелі, педагогтың жаңа оқыту технологияларының мазмұнымен толық меңгеріп, аталған оқытудың технологияларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдану мен жаңа оқытудың технологияларын жобалап құрастырып, нәтижелі жетістіктерге жетуге ықпал ететін оқу құралының мазмұнындағы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: