Оқушының музыкалық қабілеті және оны дамыту

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ашып, ой желісін көрсетіп, музыкалық туындыларға біраз талдау жасап шығамыз. Осының өзі музыканы қалай тыңдап, қайтіп түсіне білуге жетекшілік әдіс көрсетеді. Қысқасы, музыканы сүймейтін, өзі де дауыстап ән айтпайтын адам жоқтың қасы. Тек оны тыңдап, түсіну қабілеті әркімде әр түрлі.
Біреулер жеңіл музыка жағын ұнатса, екінші біреулер күрделі шығармаларды тыңдауды жақсы көреді. Дегенмен қандай музыкалық шығарма болмасын оның адам жанына әсері мол, эстетикалық талғамын дамытады, ойын байытады.
Халық музыка шығармашылығының эстетикалық тәрбие берудегі мүмкіндіктері көптеген ғасырлар бұрын - ақ ұғыныла бастаған болатын. Құнды педагогикалық мәні бар ежелгі ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі Қорқыт атаның Кітаби Қорқыт IX - X ғ. ғ атты еңбегіндегі ойлар болып табылады. Дала ойшылы, ақын, жыршы, күйші Қорқыт ата жырларының негізгі тақырыбы - адам өмірінің қысқалығы және оның өлімнен қашып құтылу мүмкіндігін іздеуі. Оның музыкалық мұрасы - орта ғасырлардағы оғыз тайпасының өмірі мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін тамаша көркем - эпикалық ескерткіш. Өсиет, нақыл сөздер түрінде жазылған Кітаби Қорқыт еңбегіндегі оның педагогикалық тұжырымдамасының басты идеясы - балаларды ата-бабалар дәстүріне адалдық, батырлық рухында тәрбиелеу. Қорқыт атаның жырлары жастарды өз халқын жаулардан қорғауға, керек болғанда ол үшін жанын қтя білуге шақырады. Қорқыт атаның біздің заманымызға жеткен 11 тамаша күйі бар. Олар - Ұшардың ұлуы, Елім-ай, халқым - ай, Сарын, Қоңыр, Желмая және т. б.
Ал, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің пікірі бойынша, музыка адамның жанына көркем әсер етудің тамаша құралы болып табылады. Ол өзінің Музыканың ұлы кітабы атты ғылыми трактатында практикалык музыка халық фольклорынан келіп туындаған деген маңызды философиялық тұжырым жасайды, яғни өнер - халық шығармашылығ

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: