Оқушының музыкалық қабілеті және оны дамыту

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

мділігі, қарқынды жүруі.
Зерттеудiң практикалық маңыздылығы: дипломдық жұмыстың материалдары жалпы білім беретін мектептегі оқу - тәрбиелік үрдісте, оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымша материалдар.
1 МУЗЫКА ТЫҢДАУ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
1. 1 Оқушылардың музыка тыңдау негізін қалыптастыру
Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы оның өмір - тіршілігімен тығыз байланысты болған. Оның білім мен жақсылықтың, әдемілік пен құдіреттіліктің қайнар көзі болып табылатын ән, күй, айтыс, терме, жыр, толғау сияқты сан түрлі бай жанрларында қазақ халқының басынан өткен небір тарихи оқиғалар, жат жұрттық шапқыншылармен шайқастағы батырлардың ерлігі, жоғары адамгершілік сезімдер, күнделікті күйбең тіршіліктің қуанышы мен қайғысы және т. б. туралы жырланады. Оларда халықтың эстетикалық көзқарастары, моральдық - адамгершілік нормалары сақталған және халық өмірінің барлық салаларының мәні анағұрлым толық бейнеленген.
Қазақ халқының музыкалық мәдениеті оның ән шығармашылығынан неғұрлым айқын көрінеді. Ұрпақ тәрбиесінде халық әндерін пайдалану өз Отанын сүйетін, туған халқын, оның салт-дәстүрлерін, тілі мен тарихын, өнерін құрмет тұтып, ұлттық рухты, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, жан-дүниесі сұлу, рухани мәдениеті бай адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан ол өскелең ұрпаққа халық дәстүрлерінің негізінде рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудегі аса маңызды құралдардың бірі болып табылатындығы сөзсіз. Қазақ халқының аспаптық күй шығармашылығы музыкада бейнеленген тарих ретінде ғана емес, сонымен қатар халық эстетикасының қайнар көздерінің бірі ретінде де құнды. Ол өзінің ұлттық - өзіндік бейнелілігімен, музыкалық - көркемдік құралдарының ба

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: