9 сынып оқушыларын ОЖСБ-ға психологиялық тұрғыда дайындау.
Өткізген: Муканова Ризвангуль Жумабаевна
2015-2016 оқу жылы
Көркем негізгі мектебі
Мақсаты:ОЖСБ тапсыру кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларының қалыптаспауы, өзін-өзі бақылаудың, стреске қарсы тұру қабілетінің төмендігі ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар кездеседі. Осы қиындықтарды жеңу үшін оқушыларды ОЖСБ-ның өту барысымен таныстыру, стреске қарсы тұру қабілеттерін дамыту , өзі-өзіне сенімін арттыру, стрестік жағдайда туындайтын мазасыздану деңгейін төмендету , өзін-өзі бақылауға дағдыландыру.
Оқушыларға ОЖСБ ерекшеліктерімен таныстыру.
1. Жаттығу "Ассоциациялар"
Оқушыларға нұсқау беріледі "Ассоциациялар- бұл бір сөз естіген, бір нәрсені көрген бойда келетін ойлар. Сіздің алдыңыздағы қатысушы айтқан сөзге ассоциациялар табуыңыз қажет. Көп ойланудың қажеті жоқ, ойыңа келгенін айту керек". Мысалы: тестілеу.
Психолог: Жақын арада сіздер ОЖСБ-ға арналған тест тапсырасыздар. ОЖСБ туралы не білгілерің келеді?
Мағлұмат беру
ОЖСБ- бұл белгілі пәндер бойынша тапсырылатын ақысыз тест. ОЖСб- өту кезінде барлық Қазақстан бойынша біріңғай тапсырмалар беріледі, нәтижесі компьютер арқылы шығарылады. ОЖСБ-ның өту барысында тұрақты жұмыскерлік, жұмысты ұйымдастырушылық, зейіннің шоғырлануы, ауысуы, мобильдікті қажет етеді. Тестілеу кезінде қатан тәртіп ережесін сақтауы тиіс!
Диагностикалық жұмыс.
ОЖСБ-ға дайындығын тексеру сауалнама
Пікір алмасу.
ОЖСБ-ның жақсы жақтары. ОЖСБ -ның маған әкелер көмегі . Дәстүрлі емтихан тапсырудан ОЖСБ-ның артықшылығы.
Жаттығу "Менің мақсатым"
Мақсаты: Оқушылардың жетістікке ұмтылысын күшейту.
Нұсқау: "Бірне
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>