Оқушыларын ОЖСБ-ға психологиялық тұрғыда дайындау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

нинг.

Жаттығу: "Аутотренинг формуласы".
Нұсқау: Көздеріңізді жұмып, ыңғайланып отырыңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз, алақандарыңызды тізеге қойыңыз. "Мен сабырлымын" формуласына ойыңызды жинақтаңыз.
"Менің оң қолым ауыр" -деп 5-6 рет ойша қайталаңыз.
Қайтадан "Мен сабырлымын" формуласына ойыңызды жинақтаңыз.
Содан кейін "Менің сол қолым ауыр" -деп 5-6 рет ойша қайталаңыз.
Қайтадан "Мен сабырлымын. Мен дайынмын, мен жинақымын. Мен өзіме сенімдімін ! " формуласына ойша қайталаңыз.
Денеңізді қалпына келтіру үшін, жұдырықтарыңды түйіңдер де, бірнеше рет терең тыныс алыңыз.
Анализ: Жаттығуды орындау қиын болды ма?

Қорытындылау. Рефлексия.
Психолог: Бүгін біз мазасыздануды төмендетуге арналған жаттығудың біреуімен ғана-аутотренингпен таныстық. Келесі сабақта біз басқа да психологиялық жаттығулармен танысамыз.

3 сабақ.

Тақырыбы: "Тест үстіндегі стресті жеңу жолдары"

Мақсаты: Стрестік жағдайлардағы мазасыздану деңгейін төмендету
жолдарымен таныстыру (2 сабақ).

Жаттығу : "Мазасыздану және сабырлылық"
Мақсаты: Оқушыларға мазасыздану кезінде өзідерін қалай сезінетініне назарын аудару.
Оқушылар көздерін жұмып отырады да, өздерін қатты мазасызданған, қобалжыған сәттерді естеріне түсіреді. Осы кезде не сезініп отырғандарына көңіл аудару қажет.
Содан кейін өздерін жәйлі сезінген кезін естеріне түсіріп, қандай сезімде болғандарына көңіл бөлу керектігі айтылады.
Жаттығуды орындап болған соң оқушылар оз пікірлерін айтады.

Мағлұмат беру.
Мазасыздану- тест кезіндегі жадының, зейіннің нашар болуының басты себебі. Әр адам мазасыздануды басу жолдарын білгені дұрыс. Кейде мазасыздан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: