ше минут тыныштық сақтап ойланып алу қажет. Неге қол жеткізгіңіз келетіні туралы ойланыңыз, нені үйренгіңіз келеді. Өз ойыңызды мимика арқылы қалай жеткізер едіңіз ? Басқа қатысушылар сіздің не туралы айтқыңыз келетінін табуы керек".
Анализ:
-Ең маңызды мақсатты белгілеу қиын болды ма?
-Өз мақсатыңа жету үшін не істеу керек?
-Сіздің мақсатыңыз тым жоғары немесе тым ұсақ емес пе ?
Рефлексия
Қорытындылау. Оқушылар сұрақтарға жауап қайтарады:
-Өзіңізді қалай сезініп отырсыз?
- Не ұнады, не ұнамады?
-Жаңа не білдіңіз?
Тақырыбы: " Тест үстіндегі стресті жеңу жолдары"
Мақсаты: Стрестік жағдайлардағы мазасыздану деңгейін төмендету
жолдарымен таныстыру
Қажет материалдар: доп, парақ және қаламдар.
Жаттығу: "Ең қиыны. . . "
Психолог: Қолына доп тиген кісі "Тесттің ең қиыны. . . " -сөйлемін жалғастырып, келесі қатысушыға допты лақтыру керек.
Сауалнама. "ОЖСБ-ға дайындық. Стреске қарсы қалай күресуге болады".
Мақсаты: Оқушылардың осы тақырыпқа байланысты білімдерін анықтау.
1. Қалай ойлайсын, сен стреске бейімсің бе?
2. Стресс туралы оқыдың ба?
3. Стрестің белгілерін білесің бе?
4. Стресс қандай әсер ететінін білесің бе ?
5. Стресті жеңуге көмектесетін жаттығуларды білесің бе?
6. ОЖСБ туралы ойлағанда сенде қандай сезім пайда болады?
Психолог: Оқушы тест үстінде қатты мазасызданады, уайымдайды, қорқады. Осының бәрі ойын жинақтауға, зейінін шоғырландыруға кедергі келтіреді. Бірақ, бұның бәрін реттеуге болады. Бүгін біздер емтихан үстіндегі стресті жеңуге көмектесетін жаттығулармен танысамыз.
Мазасыздануды төмендетуге арналған бірнеше тәсілдер бар, соның бірі- аутотре
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>