шпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
Қорытынды
Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаев: "Ғасырлар мақсаты - қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру", - деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Мен істеймін - өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек - пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын - өз біліміне деген сенімділігі.
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>