ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т. б. Осы орайда 2-сыныпта ана тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдаланған жұмыс түрлеріне тоқтала кетсем деймін.
Өлең құрастыру.
Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.
а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы,Ө. Тұрманжановтың "Туған өлкем" өлеңінде қайталанып тұрған:
"Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы - менің туған өлкем" деген жолдар бар.
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда саөлеңнің сызбасы түсіріледі:
"Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы - менің туған өлкем", -- ұсынылған жолдар.
"Ұлан-байтақ жерлері бар
Өз өлкемді мақтан етем", -- оқушының аяқтауы, яғни бұл - жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиіс.
ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, "Күз" тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
. . . байлық
. . . алдық
. . . құс біткен
. . . қалдық.
Оқушының тапсырманы орындауы:
Күз - береке, күз -- байлық,
Күзде астық мол алдық
Жылы жаққа құс біткен
Кеткен ұшып, біз қалдық.
Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі -- әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы ө
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>